Accessibility links

Ресей әскерінде өлім көбейіп барады


Сейсенбі күні Мәскеуде қорғаныс министрлігінің алдында әскерге шақыруға қарсы митинг болып өтті.


«Яблоко» партиясының 10 шақты белсендісі «Әскерге шақыруды тоқтату үшін тағы қанша өлім керек?» деген жазуы бар мата ұстап, «Әскерге шақыру құрысын, контракт болсын!» деп дауыстап тұрды.


Бірнеше минуттан соң оларға милиция қызметкерлері жетіп, митингті Гоголь бульварына көшіруді талап етті. «Яблоко» белсенділері митингті өзге жерде жалғастыруға мәжбүр болды.


Митингті ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, оларды көшеге шығуға әскерге шақырылғандардың жиі қаза болуы мәжбүр етті.


Митингінің соңынан олар қорғаныс министріне контракты бойынша әскерге алу жүйесіне көшу талап еткен хатты тапсырмақ болды. Алайда министрдің қабылдау бөлмесі құжатты қабылдамады.
XS
SM
MD
LG