Accessibility links

Италияда әрбір азамат 30.200 еуролық қарызға батып отыр


Италияның ішкі мемлекеттік қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге өсіп кетті.


Мемлекеттік банктің статистика басқармасы жариялаған дереккке қарағанда, ішкі қарыз 1 триллион 812 миллиард еуроға жеткен. Яғни ішкі қарыздың көлемі әрбір жан басына шаққанда 30 мың еуродан асып жығылған.


Орташа есеппен алғанда Италия азаматының, оның ішінде жаңа туған сәбидің 30 мың 200 еуролық, ал әрбір отбасының 82 мың 400 еуролық қарызға батып отырғаны анықталған.


Италияның мемлекеттік банкінің баяндамасында атап көрсетілгендей, есеп берілетін кезеңнің соңғы 4 айы бойы ішкі мемлекеттік қарыздың толассыз өскені байқалды.


Бұл аздай, дағдарыс салдарынан салық түсімдері 2 пайызға жуық кеміп, қазынаға 2 миллиард еуро кіріс түспеген.


2010 жылдың сәуірінде ішкі қарыз айтарлықтай деңгейге – 0,8 пайызға өсіп кеткен.
XS
SM
MD
LG