Accessibility links

Қырғызстанда референдум уақыты өзгермейді


Қырғызстан Уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отынбаева ел оңтүстігіндегі оқиғалар жаңа конституция бойынша референдум өткізудің мезгіліне ықпал ете алмайтынын мәлімдеді. Сейсенбі күні Бішкекте өткізген баспасөз маслихатында Р.Отынбаева сонымен қатар оңтүстікке бітім күштерін орналастыру қажеттігін көрмей отырғанын айтты.


Қырғызстанда 16 маусым – Ош және Жалалабад облыстарындағы оқиғаға байланысты қаралы күн болып жарияланды.


Ресми мәлімет бойынша, 170 адам қаза тапты. Жергілікті өзбектер мен көмек көрсеткен халықаралық ұйымдар құрбандардың саны әлдеқайда өсе түсуі ықтимал дейді.


БҰҰ-ның арнайы тапсырмалар бойынша елшісінің Бішкекте атап көрсеткеніндей, Өзбекстанға 75 мыңдай босқын өткен және олардың саны жуырда 100 мыңға жетуі мүмкін. Қырғызстаннан 40-тан 60 мыңға жуық өзбек босып кеткен.


Ош пен Жалалабадтағы ахуалды қалпына келтіру үшін қорғаныс және ішкі істер министлліктерінің және ішкі әскердің қосымша бөлімдері шоғырландырылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG