Accessibility links

Қазақстанда саяси ұйымның 40 мың мүшесі болуға тиіс


Қазақстан үкіметі азаматтардың саяси партия құру және партия мүшелері бойынша бастамашыл тобы тізімінің анықтығын тексеруге қатысты тарауына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы жаңа қаулы қабылдады.


Енгізілген түзетулерге сәйкес, саяси партияны тіркеу үшін оның құрылымдық бөлімдерінде кемінде 40 мың мүшесі болуға тиіс. Бұл алдыңғы қаулыда көрсетілгеннен 10 мыңға кем. Оның ішінде партияның әрбір бөліміндегі мүшелерінің саны 700-ден 600-ге дейін азайтылды.


Үкіметтің бұл қаулысы 16 сәуірде қабылданса да, сейсенбі күні ғана күшіне енді.
XS
SM
MD
LG