Accessibility links

Ирландия Израиль елшісін елден қуады


Израильдің «Моссад» барлау қызметі тыңшыларының жалған құжаттарды пайдалануынан шыққан жанжалға байланысты Ирландия Израиль дипломатын елден қуады. Ол туралы сейсенбі күні Ирландияның сыртқы істер министрі Майкл Мартин хабарлады.


Дубай қаласында ХАМАС ұйымы көсемдерінің бірі Махмуд аль-Мабхухты қаңтар айында өлтірген қылмысты тергеу барысында осы қылмысты ұйымдастырды деп күдік туғызған 32 адам Біріккен Араб Әмірліктеріне Еуропа мен Аустралияның жалған паспорттарымен келіп жеткен.


Израиль өз тыңшыларының осы операцияға қатысы болғанын не теріске шығармайды, не растамайды.

XS
SM
MD
LG