Беларус бас прокуратурасы Құрманбек Бакиевті Қырғызстанға беруден бас тартты. Ол туралы сейсенбі күні прокуратураның ресми өкілі Петр Киселев хабарлады. Бірақ ресми өкіл оның себептерін түсіндірмеді.
Ресми Минск Қырғызстанның экс-президентін ұстап беру туралы сұрауды мамырдың соңында алған болатын.
Қырғызстанда Қ.Бакиевті сәуір айының басындағы халық толқуы барысында 80-нен астам адамның қазасына кінәлі деп айыптап, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бакиев туған елінен қашып, президент Александр Лукашенконың шақыруымен Беларусті паналап отыр.