Accessibility links

Қазақстандық бұрынғы банкир екінші рет жауапқа тартылуы мүмкін


"Валют-Транзит банкінің" бұрынғы басшысы Андрей Беляевке қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы бұрынғы банкир қылмыстық топқа жетекшілік етті деген күдік бар.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қарағанды облысының поркуратурасы Беляевке қатысты Қылмыстық кодекстің 235 бабы 4 тармағы бойынша (қылмыстық топ құрып, топқа жетекшілік еткен) қылмыстық іс қозғады. Оның қылмыстық топқа жетекшілік еткені расталса, оны 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынын айыруы мүмкін.

Бұрынғы банкирдің жазасын өтеу мерзімі 2 айдан кейін аяқталуы керек. Ол 3 жарым жылдан бері «жалған кәсіпкерлікпен айналысты» деген айыппен түрмеде отырды.

XS
SM
MD
LG