Accessibility links

Младич қайтыс болған дейді оның туыстары


Босниялық сербтердің бұрынғы қолбасшысының туыстары Сербия сотына Ратко Младич қайтыс болған деп ресми түрде жариялау туралы өтініш тапсырды. Адвокат Милош Саличтің айтуынша, 2003 жылдан бері Младичтің тірі екені туралы мәлімет келіп түспеген соң оның туыстары осындай қадам жасау туралы шешім шығарған. 68 жастағы Младичтің денсаулығы нашар болған еді дейді адвокат.

Гаагадағы халықаралық трибунал Младичке 1992-1995 жылдары соғыс барысында геноцид жасады деген айып таққан болатын. Ратко Младич 15 жылдан бері қолға түспей келеді.
XS
SM
MD
LG