Accessibility links

Ямайка астанасында коменданттық сағат енгізілді


Ямайка астанасы - Кингстонда алдағы екі тәулік бойы коменданттық сағат режимі жарияланды. Қалада полицияның жергілікті наркомафияға қарсы операциясы жалғасуда.

Кингстон тұрғындарын рейд жүргізіліп, қару-жарақ тәркіленіп жатқан қаланың кей аудандарына бармау сұралып отыр.

Өткен айдың аяғында, Ямайка құқыққорғау қызметкерлерімен Кристофер Коуктың жақтастары арасында төрт күн бойы болған қақтығыста 70-тен аса адам қаза болды. АҚШ-тың хабарлауынша Кристофер Коук - есірткі әлеміндегі ең қауіпті жетекшілердің бірі.

XS
SM
MD
LG