Accessibility links

Жапония жағалауында жүк кемелері соқтығысып қалды


Жапония жағалауында химиялық зат тиелген танкер мен жүк кемесі соқтығысып қалды. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, оқиға Сикоку және Хонсю аралдарының ортасында болған. Апаттан кейін танкер суға батып кеткен. Бес адамнан жасақталған экипаж кемеден шығып үлгерген.

Апаттан танкердегі магний гидроксиді төгілген. Жапон жағалауы күзет қызметінің хабарлауынша, ол зат қоршаған ортаға зиянды емес.

Кемелердің соқтығысу себебі әлі анықталған жоқ.
XS
SM
MD
LG