Accessibility links

Ауған ресми өкілдерінің мүліктері туралы мәліметтер жарияланбақ


Ауғанстанның жемқорлыққа қарсы ресми өкілдері үкіметтегілердің мүліктері туралы мәліметтерді жариялауды жоспарлап отыр. Қадағалау кеңсесінің жетекшісі Мохаммад Ясиннің айтуынша, аталмыш мекеме сенбі күні 2 мың ресми өкілдің толтырған құжаттарын жарияламақ.

Президент Хамид Карзай елдегі жемқорлықпен күресуге уәде еткен болатын. Батыс елдері Ауғанстандағы жемқорлық деңгейі елдегі жағдайды тұрақтандыруға қиындық туғызып жатыр деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG