Алматыда наразылық шарасын өткізген белсенділерге 50 орта айлық есептік көрсеткіш, яғни 70650 теңге (480 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды.
Cәрсенбі күні тәуелсіз журналист Сергей Дуванов пен адам құқын қорғаушы Андрей Свиридов баспасөзде жарияланған «Ұлт көшбасшысы» туралы заңға наразылық танытып, Алматы орталығында шара өткізген болатын. Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткішінің жанына келіп, «Елбасы туралы» заңға өздерінің қарсылықтарын танытқан бұл белсенділерді полиция ұстамаған еді. Дегенмен бейсенбі күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты оларға қатысты шешім шығары. Аталмыш белсенділер әкімшілік кодекстің 373 бабы бойынша айыпты деп табылды.