Accessibility links

ЕуроОдақ Иранға санкцияны күшейтті


Еуропа Одағының жетекшілері Иранға санкцияларды күшейтуге келісті. Бұл шара Теһранның ядролық келіссөздерге қайта оралуына қысым жасау үшін қолға алынып отыр.

Иран өзінің ядролық мәселесіне байланысты әлемнің алпауыт елдерімен келіссөз жүргізу үшін таяуда жаңа шарттарды жариялайтынын хабарлаған болатын. Өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де Теһранға қосымша шектеулерді енгізген еді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG