Қазақстан ҰҚК кеше қазақ-өзбек шекарасында болған атысты ресми түрде растады. Шекарашының қару қолдануы салдарынан 2 азамат жараланған.
Комитет баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, оқиға азаматтардың Өзбекстаннан Қазақстанға қарай контрабандалық жүктерді алып өтпекке әрекеттенген кезінде өрбіген.