Ирақта тағы да бомба жарылып, 2 адам мерт болып, 45 кісі жарақаттанды.
Полицияның мәліметі бойынша, Бағдадтан солтүстікке қарай 170 шақырым қашықтықта орналасқан Тұз-Хурмато қаласында бомба қойылған автокөліктің күлі көкке ұшты.
Жарылыс тұрғын үйлердің ортасында, Киркук өлкесі кеңесінің шенеунігі тұратын үйдің маңында болды. Үйлердің біразына нұқсан келді.