Accessibility links

АҚШ: Иранға қарсы санкциялардың Пәкістанға да әсері болуы мүмкін


Құрама Штаттардың Пәкістан мен Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Ричард Холбрук жексенбі күні Пәкістан Иран елінің табиғи газ құбыры жобасына абайлап қатысуы керек, себебі Иранға қарсы АҚШ-тың жаңа санкциялары пәкістандық компанияларға да әсер етеді деді.

Бұл туралы Исламабадта мәлімдеген Холбрук Вашингтон Пәкістанның энергетикалық тапшылығын түсінеді, бірақ әлі де күте тұру керек деп ескертті. Оның айтуынша, АҚШ Конгресі Иранның энергетикалық саласын нысанаға алатын жаңа санкцияларды дайындап жатыр.

Иран мен Пәкістан наурыз айында 7,6 миллиард доллар болатын табиғи газ құбыры келісіміне қол қойған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG