Accessibility links

Иран оппозициясы: қарсылықтар жалғаса береді


Жексенбі күні Иран оппозициясының жетекшісі Мехди Карруби өткен жылғы президент сайлауында Махмуд Ахмадинежадты билікке әкелген «дауыс жанжалына» қатысты наразылықтар жалғаса беретіндіктерін айтып отыр. Иран оппозициясы өткен жылғы сайлау бұрмалаушылықпен өтті деп, сайлау нәтижесіне қарсылықтарын жалғастырып келеді.

Өзінің вебсайтында жариялаған ашық хатында Карруби Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хамениді сынап, биліктің шеруге шыққандарды түрмеге жауып, наразылық шаралары кезінде қаза тапқандармен зираттарды толтырып отыр деп айыптады.

Оның бұл мәлімдемесі бір жыл бұрынғы сайлаудан кейінгі наразылық шерулерінде Теһранда жас келіншек Неда Аға Солтанның атып өлтірілгеніне бір жыл толған күнмен сәйкес болып отыр. Оның өлтірілген видеосы әлемге тарап, билікке қарсылықтар қозғалысының символына айналған болатын.
XS
SM
MD
LG