Бүгін Польшаның президенттік сайлауларына түскі уақытта дауыс берушілердің 24 пайызы келіп дауыс берді. Елдің сайлау комиссиясы дауыс беру құқы бар 30 миллион адамның тек жеті миллионы, яғни 23,38 проценті сайлауға келді деп айтты.
Сайлау бұрынғы президент Лех Качиньскидің сәуірдің 10-ы күні Смоленск аймағында ұшақ апатына ұшыраған соң болып отыр.
Бұл сайлауда басты бәсеке президенттің міндетін атқарушы Бронислав Коморовски мен бұрынғы премьер-министр әрі қаза тапқан президенттің сыңары Ярослав Качиньски болды. Сайлауға тағы сегіз кандидат түсіп отыр. Бұл сайлауда президенттіктен үміткерлер кемінде 50 пайыз дауыс жинай алмаса, шілденің 4-інде дауыс берудің келесі кезеңінде ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың арасында өтеді.