Accessibility links

"Қазақмыс" қаза болған кеншілердің туыстарына өтемақы төлейді


"Қазақмыс" компаниясы Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы "Степной" мыс кеніндегі жарылыста қаза болған кеншілердің отбасыларына өтемақы төлейтін болады, дейді компанияның ақпарат құралдарымен байланыс менеджері Зүльфира Мұхамедьярова.

Жексенбі күні Қарағанды облысындағы “Қазақмыс” коппорациясының нөмірі 67-ші шахтасында жарылыс болып, 3 кенші қаза тапты.
Жарылыс сәтінде мыс өндіретін кеніште жөндеу жұмыстары жүріп жатқан болатын. Жарылыс толқынынан тағы бір адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

««Қазақмыс» компаниясы қаржылай көмек көрсетіп, қаза болғандардың отбасына қол ұшын бермек", - деді Мухамедьярова.
XS
SM
MD
LG