Accessibility links

Польшада президент сайлауының екінші кезеңі өтеді


Польшаның кезектен тыс президент сайлауы қайта өткізілетін болды. Себебі жексенбі күнгі сайлауда ешбір үміткер 50 пайыздан көп дауыс жинай алмады.

Сайлаудың өту себебі - бұрынғы президент Лех Качиньский сәуірдің 10-ы күні Смоленск аймағында ұшақ апатына ұшырап қаза тапқан еді.

Мемлекеттік сайлау комиссиясының хабарлауынша, маусымның 20-сындағы сайлауда парламент спикері Бронислав Коморовский шамамен дауыстың 41 пайызын жинаған, ал бұрынғы премьер-министр әрі қаза тапқан президенттің сыңары Ярослав Качиньский 37 пайызға жуық дауысты иеленген.

Президент сайлауының екінші кезеңі 4 шілдеге белгіленді.
XS
SM
MD
LG