Ресейдің мемлекеттік «Газпром» компаниясы Беларусқа тасымалданатын газдың көлемін 15 пайызға қысқартқанын хабарлады. "Газпромның" айтуынша, Беларусь соңғы 6 айда пайдаланған газы үшін 192 миллион доллар қарыз.
Жексенбі күні Беларусь газ мәселесіне қатысты келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге өзінің делегациясын жіберген болатын. Минск қарызды өнеркәсіп бұйымдарымен өтеуді ұсынды. Бірақ Мәскеу мұны қабылдамастан, қарыздың тек ақшалай берілуін қалайтынын айтты. Миллермен кездескен президент Дмитрий Медведев былай деп мәлімдеді:
«Олар келісім-шартқа сәйкес төлеуі тиіс. Келісім-шартта газ үшін тұрақты шетел валютасында төленуі керек делінген. Бұдан өзгесі біздің тұрақты валюта туралы заңдарымызға қайшы келеді. "Газпром" нақты ақшаның орнына май немесе ірімшікті, құймақ немесе бәлішті қабылдай алмайды. Беларусь әріптестеріміз мұны түсінуі тиіс», - деді Медведев.
Өз кезегінде Минск Ресей де Беларусь арқылы өтетін еуропалық газ транзиті үшін 217 миллион доллар төлеуі керек деп мәлімдеді.