Accessibility links

Ауғанстан мен Пәкістандағы британ елшісі демалысқа кетеді


Англия үкіметі патшалықтың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнаулы өкілі, әрі дипломатиялық миссиясының басшысы Шерард Коупер-Коулздың ұзақ қызмет демалысына шығатынын және келесі жылдың күзіне дейін өз міндетін атқармайтынын хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, британ дипломаты АҚШ пен НАТО одағының тәліптерге тек содырлар деп қарайтын стратегиясымен келіспеген көрінеді.

Англия сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Коупер-Коулз арнаулы өкіл қызметіне өткен жылы ғана тағайындалған болатын. Демалыс кезінде оның немен шұғылданатыны белгісіз.

Оның ұзақ демалысқа кетуі туралы ресми Лондон 21 маусым күні Ауғанстанда 9 жылда 300 британ жауынгерінің қаза болғаны туралы мәліметті жариялаған соң белгілі болған. Ал Кабулда 1 айдан кейін ауған мәселесіне арналған халықаралық конференция өтпек.
XS
SM
MD
LG