Қырғызстан Уақытша үкіметі елдің оңтүстігінідегі ахуалдың айтарлықтай оңалуына байланысты Ош облысындағы коменданттық сағат тәртібін 3 сағатқа қысқартты.
Ош пен Жалалабад облыстарындағы жағдайдың әлі де болса күрделі күйінде қалуы мен елден мыңдаған адамның босып кетуіне қарамастан Уақытша үкімет төрайымы Роза Отынбаева жаңа конституцияның жобасы бойынша 27 маусымға белгіленген референдумдың уақытында өтетінін мәлімдеді.
Бірқатар қырғыз партиясының көсемдері оңтүстік облыстардағы қайғылы оқиғаларға байланысты Уақытша үкіметке референдумнан бас тартуды ұсынған болатын.
Қырғызстанның оңтүстік өңірлеріндегі қақтығыстардан қаза болғандардың саны, денсаулық сақтау министрлігінің жаңа мәліметі бойынша, 250-ден асты. 2 мыңнан астам кісі дәрігерлік көмек сұрады.