Accessibility links

ЕО Кремль мен Минскіні өз міндеттерін құрметтеуге шақырады


Еуропа Комиссиясы Ресей мен Беларусті ЕуроОдақ елдеріндегі тұтынушыларына газ жеткізіп беру туралы «өз міндеттемелерін құрметтеуге» шақырды.


Сейсенбі күні ЕуроКомиссияның өкілі Марлен Хольцнер ЕуроОдақтың басқарушы мекемелері өз араларынан «газ жанжалы» шыққан Кремльмен және Минскімен үнемі байланысып отырғанын хабарлады.


Хольцнер ханымның сөзіне қарағанда, Беларус арқылы өтетін транзиттік газ құбырымен ЕуроОдақ елдері тұтынатын бүкіл газдың 6 пайызы ғана айдалады. Алайда осы елдердің кейбірі, ең алдымен Литва дәл Беларус арқылы өтетін транзиттік газға тәуелді болып отыр.
XS
SM
MD
LG