Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы АҚШ генералы Стэнли Маккристэл Rolling Stone журналында басылған мақаласындағы сөздері үшін кешірім сұрады.
Мақалада ол бірқатар ресми тұлғаға сын айтқан көрінеді.
Генерал Маккристэл, мысалға, АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден туралы келемеж пікір айтыпты. Маккристэлдің ауған жанжалындағы стратегиясына Джо Байденның күмәнмен қарайтыны мәлім.
АҚШ генералы, сонымен қатар, АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі Карл Эйкенберри мен Ақ үйдің Ауғанстан мен Пәкістандағы арнаулы өкілі Ричард Холбрук туралы да кекесін пікірлер білдірген екен.