Accessibility links

Обама даулы мәлімдеме жасаған генералмен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама осы ел журналында даулы мәлімдеме жасаған генерал Стэнли Маккристалмен кездеседі. Обама генералға қатысты кез келген шешім шығару үшін алдымен Маккристалдың өзімен тікелей сөйлесуді қалайтынын айтты.

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Маккристал Rolling Stone басылымындағы мақала үшін кешірім сұраған болатын. Аталмыш журнал Маккристал вице-президент Джо Байден мен АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук туралы сыни мәлімдеме жасады деп хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG