Accessibility links

Алматыдағы қырғыздар ертең митингке шығады


Қазақстандағы қырғыздар маусымның 24-і күні Алматы қаласында Қырғызстанда жаңа конституция жөніндегі референдум өткізуді қолдау мақсатында жиын өткізеді. Акцияға шамамен 200 адам қатысады деп жоспарланған.

Қырғызстанның Уақытша үкіметі, елдегі шиеленіскен жағдайға қарамастан, жаңа конституция туралы жалпыхалықтық референдумды маусымның 27-і күні өткізу туралы шешім қабылдады.

Референдумда үкіметке кең құзырет беруді қарастыратын заңды қабылдау-қабылдамау, сондай-ақ уақытша президент Роза Отунбаеваны президенттік қызметте 2011 жылға дейін қалдыру-қалдырмау мәселелері қаралады.
XS
SM
MD
LG