Accessibility links

Қытай билігі Шыңжаңда терроршылар тобының көзі жойылды деп хабарлады


Қытай билігі елдің батысындағы Шыңжаң өлкесінде террорлық топтың көзі жойылды деп хабарлады. Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын аймақ орталығы Үрімжі қаласындағы этникалық қақтығыстардан шамамен 200 кісі қаза тапқан еді.

Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі таратқан мәлімдемеде 10-нан астам адам ұсталды, бұған қоса жарылғыш заттар тәркіленді делінген. Қытай билігі оларды жікшілдер деп атап, аудандағы полицияға және басқа да мемлекеттік мекемелерге шабуыл ұйымдастырған деген айып тағып отыр.
XS
SM
MD
LG