Accessibility links

Анкарада Назарбаевтың ескерткіші ашылды


Түркия астанасы Анкарада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбанвьың ескерткіші ашылды деп хабарлады ҚазТАГ. Ескерткіштің ашылу салтанатына қазақстандық парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов және Түркияның ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Мехмет Әли Шахин қатысты.

Биіктігі 2 жарым метрден асатын Назарбаев ескерткіші қоладан құйылған. Ескерткіш 2 жарым метрлік тұғырға орнатылған. Оны түрік мүсіншісі Гюрсель Чаталтепе сомдаған.

Ескерткіш Назарбаевтың түрік әлемінің дамуына қосқан үлесі үшін, Түркия президенті Абдулла Гүлдің бастамасымен орнатылып отыр.
XS
SM
MD
LG