Accessibility links

АҚШ әскерінің өкілдері Ауғанстандағы қолбасшының ауысқанын қолдайды


Америка әскерінің жоғары шенді өкілдері бүгін АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғанстандағы коалиция күштерінің қолбасшысын ауыстыру туралы шешіміне қолдау білдірді.

Штаб басшылары бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Мулленнің айтуынша, қиындықтардың көбі әлі алда, бірақ Обаманың әскери стратегиясы дұрыс жолға қойылған. Бұған дейін НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог альянстың Ауғанстандағы стратегиясы генерал Стэнли Маккристалдың қызметтен алынуына байланысты өзгеріске ұшырамайды деп мәлімдеген болатын.

Америка басылымында АҚШ-тың бірқатар басшыларын сынаған Маккристал сәрсенбі күні отставкаға кетті.
XS
SM
MD
LG