Accessibility links

АҚШ конгрессі Иранға қарсы біржақты санкцияны мақұлдады


АҚШ конгрессі әлемдік қауымдастық ядролық қару дайындап жатыр деп күдіктенетін Иранға қарсы біржақты санкцияны қолдану үшін дауыс берді. Бейсенбі күні Теһранға деген қысымды күшейтетін санкцияны өкілдер палатасының 408 мүшесі қолдап, 8 адам қарсылық білдірді.

Санкция Иранмен байланыста болатын банктік және энергетикалық саладағы шетелдік компаниялар әрекетін шектейді.

Бұл құжат күшіне енуі үшін оған АҚШ президенті Барак Обама қол қоюы тиіс.

Бұдан бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы санкцияның төртінші пакетін қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG