БҰҰ-ның жоғары лауазымды қызметкерлері Қырғызстанның оңтүстігіндегі жағдай ұлтаралық қақтығыстардан кейін әлі де болса тұрақталған жоқ деп есептейді. Қырғыздың Ош және Жалалабад облыстарындағы қақтығыстардың салдарынан 200-ден астам кісі қаза тапты, мыңдаған этникалық өзбек босып кетті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі осы ұйым бас хатшысының көмекшісі Оскар Фернандез-Таранкомен жабық кездесу өткізді. Кеңесші Ош және Жалалабадтағы жағдай біршама тыншығанымен, жаңа қақтығыстардың қауіпі әлі сейілген жоқ деп мәлімдеді.
«Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин Қырғызстандағы жағдай осы республиканың ішкі мәселесі деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Уақытша үкімет бұл мәселені шешуі керек.