Accessibility links

Әлем көшбасшылары Канададағы экономикалық саммитке жиналды


Әлемнің ірі державаларының басшылары канадалық Торонто қаласына «үлкен жиырмалық» саммитіне жиналды. Форум маусымның 26-сы күні басталады.

Канадалық Хантсвилл қаласында бүгін «үлкен сегіздік» басшыларының кездесуі өтеді. Бұл форумда экономиканы қайта қалпына келтіру және ғаламдық даму мәселелеріне көңіл бөлінеді деп жоспарланған. АҚШ үкіметтерді экономиканы қалпына келтіруге жұмсалатын қаржыны қысқартпауға шақырды. Көптеген еуропалық мемлекеттер салықты азайтуды ұсынып отыр.
XS
SM
MD
LG