Accessibility links

Қырғыз сарбаздары референдумға қатысты


Қырғыз сарбаздары бүгін Орталық Азияда алғашқы парламенттік демократияны құруды қарастыратын жаңа конституция бойынша референдумға қатысты.

Қырғызстан уақытша үкіметі бұл референдумның елдің оңтүстігіндегі жағдайды тұрақтандырудағы маңызы зор деп есептейді. Ош және Жалалабад облыстарындағы ұлтаралық қақтығыстардан 250-ден астам адам қаза тапты, мыңдаған этникалық өзбек босып кетті.

Республикада референдум маусымның 27-іне белгіленді. Қырғыз сарбаздары науқанға дайын болу үшін алдын ала дауыс берді.
XS
SM
MD
LG