Accessibility links

Ош милициясы коменданттық сағат кезінде бір әйелді атып өлтірді


Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош қаласының милициясы бейсенбі күні түнде - коменданттық сағат кезінде бір әйелді атып өлтірді. Құқық қорғау органының қызметкерлері Мәриям Пазылованың көлігіне оқ атқан. Жергілікті медициналық колледждің қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Милиция бұл іс-әрекетін Пазылованың көлікті тоқтату туралы талапты орындамағандығымен түсіндірді. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.

Уақытша үкімет елдің оңтүстігіндегі ұлтаралық қақтығыстар барысында Ош және Жалалабад облыстарына коменданттық сағат енгізген болатын.
XS
SM
MD
LG