Accessibility links

Литваның бұрынғы президенті Бразаускас қайтыс болды


Литваның коммунистік кезеңдегі соңғы басшысы мен тәуелсіз Литваның бірінші президенті Альгирдас Бразаускас сенбі күні өмірден өтті.

Елдің қазіргі президенті Далиа Грибаускайте Баразаускастың қазасына қатысты таратқан мәлімдемесінде, ол Литваның қиын кезеңдерін көрген өте ақкөңіл адам еді деп еске алды.

1992 жылы парламент спикері болған Бразаускас 1993 жылдың ақпанында 60 пайыз дауыс жинап, ел президенті болып сайланған. Оның жетекшілігі кезінде Литва НАТО мен Еуропа Одағына қосылды.
XS
SM
MD
LG