Accessibility links

Мексикада нашақорлықтан емдеу орталығында 9 адам қаза тапты


Солтүстік Мексикадағы нашақорлықтан емдеу орталығына белгісіз біреулер шабуыл жасап, 9 адамды өлтіріп, тағы тоғызын жаралап кеткен.

Ресми өкілдердің айтуынша, шабуыл сенбі күні түнде Дурнаго штатындағы қалада болды. Бұл орталықтың екі бірдей иесімен қоса қаза тапқандардың бәрі ер адамдар. Жергілікті тергеушілер тобы бұл қылмыстық не себептен болғанын тергеп жатыр.

Осы айдың басында Мексиканың тағы бір штатындағы наркодиспансерге де осындай шабуыл жасалып, 19 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG