Accessibility links

АҚШ-та оншақты "орыс тыңшысы" ұсталды


АҚШ-та Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды, - деп хабарлады америкалық әділет министрлігі.

Мекеме ақпараты бойынша, ұсталған 10 адамның сегізі жасырын жұмыс істеп жүрген ресейлік агенттер, қалған екеуінің де АҚШ территориясында әрекет еткен Ресей арнайы қызметіне қатысы бар болып шыққан. Тағы бір күдікті іздестірілуде.

Тыңшылықтан өзге ұсталғандардың тоғызына заңсыз ақша айналымын жүргізді деген айып тағылып отыр.

Күдіктілерге қатысты қозғалған іс Нью-Йорк соттарының біріне жіберілді.
XS
SM
MD
LG