Accessibility links

Қытай мен Тайвань сауда жөнінде келісімге келмек


Сейсенбі күні, Қытай Халықтық Республикасы мен Қытай Респуликасы сауда жөніндегі екі жақты келісімге қол қояды деп күтілуде.

Сарапшылар, бұл Пекин мен Тайбейдің өзара қарым-қатынасының 60 жылдық тарихындағы маңызды қадам екендігін атап өтуде.

Келісімге сәйкес, 800-ден аса тауарларға қатысты тариф алынып тасталады. Қытайға 14 миллиард долларға тауар жіберіп отыратын Тайвань, бұл келісімнен экономикалық тұрғыдан ұтып отыр.

Алайда, осы күндері Тайванда бұл келісімге қол қоюға қарсы наразылық шарасы өтті. Наразы топ бұл келісім - аралдың Пекинге тәуелділігін күшейтеді деп есептейді.


XS
SM
MD
LG