Accessibility links

Ресей тыңшылық айыптарына қатысты АҚШ-тан түсініктеме беруін күтеді


Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, АҚШ-та Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен 10 адамның тұтқындалуы туралы ақпарат қарама-қайшы. Сейсенбі күні Ресей бұл оқиғаны тексеріп жатқанын хабарлады.

Израильге сапарлаған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу АҚШ-тан бұл айыптауларға байланысты түсініктеме беруін күтеді деп атап көрсетті.

Дүйсенбі күні АҚШ федералдық тергеу бюросы Ресей үшін он жылға жуық уақыт бойы тыңшылық жасады деген күдікпен 10 азаматты қамауға алғанын мәлімдеді. Тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG