Accessibility links

"Алекс" тропикалық дауылы құйынға айналды


"Алекс" тропикалық дауылы Мексика шығанағында құйынға айналды. Бұл биыл Атлантикада тіркелген алғашқы құйын болып отыр.

Майамидегі ұлттық орталық мәліметі бойынша, қазір жел жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайды.

Бүгін кешке немесе бейсенбі күні таңертең құйын Техас пен Мексикаға жетеді деп хабарлануда.

Құйынның кесірінен Мексика шығанағындағы мұнайды жою жұмыстары тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG