Accessibility links

Израиль мен Түркия келіссөз жүргізді


Израиль мен Түркия үкіметінің өкілдері, флотилияға қатысты даудан кейін алшақтаған байланысты, қалыпқа келтіру мақсатында "жасырын келіссөздер" өткізді.

Кездесуге Түркияның сыртқы істер министрі мен Израильдің сауда министрі қатысты.

Израиль әскері мамырдың 31-і күні, Газа секторына 10 мың тонна гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдарын алып бара жатқан "Азаттық флотилиясының" алты кемесіне шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде 9 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG