Accessibility links

Ақтөбе облысында өрт сөндіру барысында екі адам зардап шекті


Ақтөбе облысында далалы алқапты шалған өртті сөндіру барысында екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі

Ақпаратқа қарағанда, маусымның 30-ы күні кешке Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Абай және Қарауылкелді ауылдық округтерінің төңірегіндегі далалы алқап жанып, жалынның «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбырына жайылу қаупі туған. Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 1200 гектарды құрады.

Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіру барысында «Байғанин көлік» ЖШС-інің 46 және 56 жастағы екі жұмыскері күйік жарақаттарын алып, олар ауруханаға жеткізілді.
XS
SM
MD
LG