Accessibility links

Алматы облысында арнасынан тасыған өзен бес үйдің ауласын шайып кетті


Алматы облысында арнасынан тасыған Қаратал өзені, Қаратал ауданына қарасты Дөңші ауылындағы бес үйдің ауласын шайып кетті.
Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Оқиға шілденің 1-і күні таңертеңгі сағат 11-де орын алды. 48 үйден тұратын Дөңші ауылы тұрғынадырынң саны - 340.

Құтқарушылардың айтуынша, үйлер мен шаруашылық нысандардың басым дені өзен деңгейінен жоғары орналасқандықтан бүгінгі уақытта ауылды су басу қаупі жоқ.

Дегенмен, арнасынан тасыған өзен «Үштөбе-Көпбірлік» автожолының 145-148 шақырым аралығындағы бөлігін шайып кетті. Адамдар жолдың қарсы бетіне қайықтармен өтуде.

«Өзен жағасын бекіту және жолды қалпына келтіру жұмыстары Қаратал өзеніндегі су деңгейінің түсу шамасына қарай басталады. Қазір апат аумағында Ішкі істер аудандық бөлімшесі мен ауыл әкімдігінің күштері тәулік бой кезекшілік етуде», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG