Accessibility links

Ауғанстанның Құндызында 5 адам тәліптер оғынан қаза тапты


Ауғанстан солтүстігіндегі Құндыз уәлаятында әлеуметтік-экономикалық жобалармен айналысатын компанияның кеңсесіне тәліптер жасаған шабуылдан 5 кісі қаза тапты.


Уәлаят әкімі Мухаммад Омардың мәліметі бойынша, қаза тапқандар - бір-бірден ағылшын, неміс және филиппин азаматтары және 2 ауған полицейі бар көрінеді.


Оның алдында 20 адамның жараланғаны хабарланды.


Осы хабарға қарағанда, шабуыл жасаған 6 тәліп те не өздері іске асырған жарылыстан, не ауған және америкалық жауынгерлердің қарсы атқан оғынан жер құшыпты.


Атыс бірнеше сағатқа созылды.


Шабуыл АҚШ халықаралық даму агенттігі - ЮСАИД-ке жұмыс істейтін компанияның кеңсесі орналасқан Құндыз қаласының оңтүстігінде болған. Шабуылды жауапкершілігін тәліптер өз мойнына алып отыр.
XS
SM
MD
LG