АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Украина үшін НАТО одағының есігі әлі де ашық деп мәлімдеді.
Жұма күні Киевте Украинаның сыртқы істер министрі Константин Хрищенкомен өткізген келіссөзі барысында Хиллари ханым Украинаның өзіне одақтасын таңдауға толық құқы бар тәуелсіз мемлекет екенін атап көрсетті.
Оның алдында украин парламенті – Жоғарғы Рада – Украинаның ешбір әскери одаққа кірмейтіні көрсетілген ішкі және сыртқы саясат туралы заңды қабылдаған болатын.
Шығыс Еуропа елдеріне сапары барысында Хиллари Клинтон Польша, Армения, Әзірбайжан және Грузияға барады.