Accessibility links

НАТО әскерінің қолбасшысы Ауғанстанға жетті


Америкалық генерал Дэвид Петреус Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы міндетін атқару үшін жұма күні осы елге келіп жетті.


Осы аптада АҚШ Конгресі демалысқа шығарылған генерал Стэнли Маккристэлдің орнына Петреусті қолбасшысы етіп тағайындауға бірауыздан келісімін берді.


Маккристэлді бір журналда шыққан мақаласында Ақ үйдің бірқатар ресми тұлғасын сынағаны үшін АҚШ президенті Барак Обама қызметінен босатқан.

XS
SM
MD
LG