Accessibility links

Ярослава Шведова Уимблдон финалына шықты


Қазақстандық Ярослава Шведова мен америкалық Ваня Кинг жұбы Уимблдон теннис турнирінің ақтық сынына жолдама алды. Олар жұма күні америкалық Лизель Хубер мен Бетани Маттек-Сандз жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Шведова мен Кинг Үлкен Шлем турнирінің финалында ресейлік Вера Звонарева мен Вера Душевина жұбымен кездеседі.
XS
SM
MD
LG