Accessibility links

Отунбаева қырғыз президенті ретінде ант қабылдады


Роза Отунбаева Қырғызстан президенті ретінде инаугурациясын өткізіп, Орталық Азиядағы бірінші әйел президент атанды. 59 жастағы Отунбаеваның ант қабылдау рәсімі өткен аптадағы референдум нәтижесі жарияланған соң ұйымдастырылып отыр.

Референдумда жаңа конституция қабылданып, осы арқылы Қырғызстан Орталық Азияда бірінші болып парламенттік билікке қол жеткізді.

Сәуір айында бұрынғы президент Құрманбек Бакиев биліктен құлатылған соң құрылған уақытша үкімет Конституцияның жаңа нұсқасын ұсынған болатын.
XS
SM
MD
LG