Accessibility links

Хиллари Клинтон Краковқа сапарлады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Польшаның оңтүстігіндегі халықаралық демократиялық жиынға қатысу үшін Краковқа сапарлады. Клинтон ханым демократиялық елдердің ғаламдық жүйесі негізінде құрылған демократиялық қауымдастықтың 10 жылдығына қатысады.

Сенбі күні кешкісін АҚШ мемлекеттік хатшысы Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорскимен кездесіп, Вашингтон мен Варшава арасында қол қойылған АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты келісімнің өзгерістерін бекітеді.

АҚШ президенті Барак Обама қыркүйек айында бұрынғы президент Джордж Буш қолға алған ұзақ қашықтықтағы зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан Вашингтон бас тартатынын хабарлаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG